Қала мен сала

Көлік картасын алыңыз

28 сәуірден бастап Астана қаласының оқушылары мен жеңілдік санаттарына арналған LRT атаулы көлік картасын рәсімдеуге онлайн өтінім беру қызметі іске қосылады. Бұл туралы City Transportation Systems баспасөз қызметі хабарлады.

«LRT атаулы көлік картасын елорданың білім беру ұйымдарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санаттарына жататын, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтары ала алады. Картаның дайын болғаны туралы пайдаланушы өтінім беру кезінде көрсеткен телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді. Картаны дайындау құны – 1 200 теңге» делінген хабарламада. Өтінім беру тек онлайн форматта transcard.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button