Мәдениет

Халықаралық байқауда топ жарды

«Көкжиектен асқан үн» (Voice Beyond Horizon) халықаралық музыка байқауында Қазақстан намысын қорғаған Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының әртісі Нұржас Садырбаев жоба жеңімпазы атанды.

Қытайдың Hunan Broadcasting System компаниясы өткізген халықаралық музыкалық шоуға алты елдің 8 әншісі қатысты. Нұржас Садырбаевтың таланты мен орындаушылық шеберлігіне сенім артып, халықаралық музыкалық өнер додасына үкілеп қосқан осы жобаның авторы әрі продюсері – танымал әнші Димаш Құдайберген.

Нұржас Садырбаев 2020-2024 жылдары Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Театр өнері және өнертану» факультетінде «Музыкалық театр әртісі» мамандығы бойынша білім алды. Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрында ашылған уақыттан жұмыс істейді.

Осы театр репертуарындағы М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасында – жас Абай, Ғ.Мүсірепов пен Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклінде – Төлеген, Д.Исабековтің «Гауһартас» музыкалық драмасында – Қайыркен, Ф.Эрвенің «Мадемуазель Нитуш» опереттасында – Флоридор, М.Омарованың «Шәмші» мюзиклінде – Ақан сері, Ж.Аймауытовтың «Сылаң қыз» музыкалық комедиясында – Нұрмаш, М.Қожахметованың «Мәншүк» музыкалық драмасындағы – Нұрәлім секілді т.б. музыкалық, драмалық бейнелерді сомдап жүр. Киноға да түсіп, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы тапсырысы бойынша түсірілген «Естай мен Қорлан» 2 сериялы телехикаясында Естай бейнесін сомдады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button