Қала мен сала
Елорданың жағажай аймақтарын зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Елордалық құтқарушылар прокуратура өкілдерімен бірлесіп жағажай аймақтарының «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Мақсаты – суға жақын демалыс орындарының шомылу маусымының басталуына дайындығын бағалау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Жағажай аумақтарының жай-күйін, су акваторияларының түбін барлау жұмыстары жүргізілуде, актілер жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою үшін жағажай иелеріне тиісінше ұсынымдар берілуде.