Қала мен сала

«Қанаттылар» театры елордалық экобастамаға атсалысты

Астанадағы инклюзивті «Қанаттылар» театры «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында мекеме аумағында тазалық жұмысын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Театр ұжымы ғимарат маңын қоқыстан тазартып, аумағын ретке келтірді.

«Қанаттылар» театры «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты түрде қолдайды. Бұл біз үшін бір реттік шара емес, өмір салтының, еңбек және қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Тазалық – бұл тек қоршаған ортаға ұқыптылық қана емес, сонымен қатар ішкі мәдениеттің, ойлау жүйесінің және қоғамдық жауапкершіліктің көрінісі», – деді инклюзивті театр директоры, актер Арнұр Ысқақов.

Бүгінде театр ұжымы жастар аудиториясына, әсіресе студенттерге бағытталған шығармашылық жұмыстармен белсенді айналысып келеді.

Сонымен қатар театр қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қала тазалығын сақтауға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеді.

 

#ТазаКазакстан #экология #TazaChallenge

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button