Елорданың көрнекті ардагері 75 жаста

Eлорданың ардагер қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға – Көпболсын Әбдікешұлы Бекмағанбеттің 75 жылдық мерейтойына орай әріптестері құрмет көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Көпболсын Әбдікешұлы – өз өмірін мемлекет пен қоғамға қызмет етуге арнаған азамат. Ол 1950 жылы 13 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сартерек ауылында дүниеге келіп, еңбек жолын экономист ретінде бастады. 1973 жылдан бастап еліміздің ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарып, Жезқазған облыстық ішкі істер басқармасында және Приозерск қаласындағы Арнайы полиция басқармасында басшылық лауазымдарда еңбек етті. Өмірінің саналы жылдарын құқық қорғау саласына арнаған Көпболсын Әбдікешұлы азаматтық ұстанымы мен қайраткерлік қабілеті арқылы көптеген игі істерге бастамашы болды. Мемлекет тарапынан оның еңбегі «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен лайықты бағаланды.
Осы айтулы күні мерейтой иесіне Астана қаласының мәслихат депутаттары шынайы алғыс айтып зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас күш-қуат тіледі.
Қоғамға, елге сіңірген еңбегі үшін ризашылығымызды білдірді.