Қоғам

Бір ғасыр аударылмаған тарих

Астанада Мұхаметжан Тынышбайұлының «Қазақ халқының тарихы» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кітаптың түпнұсқасы “Материалы к истории киргиз-казахского народа” деп аталып, 1925 жылы орыс тілінде жарық көрген. Бір ғасыр бойы қазақ тіліне аударылмаған кітапты енді өз тілімізде оқи аламыз. Тұсаукесерге алаштанушылар, тарихшылар мен ғалымдар, түрлі БАҚ өкілдері қатысты.

Кітапты қазақ тіліне аударған AmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай: «Мұхаметжан Тынышбайұлының еңбегін қазақ тіліне аударып шығару еліміз үшін өте маңызды оқиға. Мұхаметжан Тынышбайұлы – жүз жыл бұрын, патша үкіметі кезінде еліміздің тарихының маңызын дәлелдеп тұтас ғылыми еңбек жазып кеткен тарихшы ғалым. Алғашқы теміржол инженері, сол кездегі думаның алғашқы депутаты», – дейді.

Кітапта «Қазақ халқының тарихы»  қазақтардың шығу тарихы жан-жақты әрі көркем түрде жазылған. Қазақ халқы деген ұғымды құрайтын түп-тамыр мен тармақтарды, қазақтың ру-тайпаларын тереңінен сипаттайды. Сондай-ақ кітапта қазақ шежіресі қосымша кесте түрінде берілген.

Жүз жылдан соң жарық көрген кітап өз тарихына бейжай қарамайтын қалың оқырманға арналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button