Қоғам

«Біртұтас тәрбие: ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі»

Астанада республикалық семинар өтті

Қ. Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда «Біртұтас тәрбие: ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі» тақырыбында республикалық семинар өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әдістемелік орталықтары басшыларының орынбасарлары, әдіскерлері, мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдары мамандары қатысты.

«Бұрын «Тәрбие тұжырымдамасы» бойынша экологиялық, дене тәрбиесі, ұлттық тәрбие, адамгершілік тәрбие деп бөліп-бөліп қарастыратынбыз. Ал 2024-2025 оқу жылында Оқу-ағарту министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының жетекшілігімен каскаттық әдіс бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қайта жаңғыртылып, оқу-тәрбие процесіне қайта енгізілген болатын. Соған байланысты әр өңірдегі білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың басшылары, орынбасарлары және мамандары қажетті білім алған еді. Олар кейін өз өңіріндегі мамандарды оқытты. Осы процесті әрі қарай жалғастыру мақсатында және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде ұлттық құндылықтарды пәнге кіріктірудің тиімді жолдарын ұйымдастыру бойынша республикалық семинар өткізіп отырмыз. Семинарға әр өңірден 3 делегаттан келіп отыр, жалпы 60-қа жуық қатысушы бар», – деді Астана қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Жангелді Әмірғали.

Семинар аясында әр өңірден келген мамандар бағдарлама бойынша бірлесіп жұміс істеудің әдіс-тәсілдерін талқылау үшін педагогикалық хакатон өткізілді. Одан басқа түрлі тақырыптар бойынша тәжірибелік алаңдар жұмысы ұйымдастырылатын болады.

Айта кетейік, семинардың келесі күні Qundylyq talks форматында пленарлық сессия жұмысы өтпек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button