Әлеумет

Бір түнде 41 мың метрден астам қар шығарылды

Елордада тәулік бойы қар тазалау жұмысы жалғасып жатыр. Коммуналдық қызметтер үздіксіз күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

7 наурыз күні таңертең Астанада қар тазалауға 2 500-ге жуық жол жұмысшы мен 1 645 бірлік арнайы техника шықты.

7 наурызға қараған түні коммуналдық қызметтер 3 044 ауыр жүк көлігімен қаладан 41 351 текше метр қар шығарды.

Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 6,9 млн текше метрден астам қар 554 980 ауыр жүк рейсімен шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button