Елорда тынысы

Бір күнде 200-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

Бір күнде елордада 200-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Бір күнде елордада жол қозғалысы ережелерін бұзған 200-ден астам жаяу жүргінші анықталды.

Атап айтқанда, жаяу жүргіншілерге қатысты жол-көлік оқиғалары санын азайту және жол ережелерінің бұзылуының алдын алу мақсатында елорда аумағында «Жаяу жүргінші» акциясы ұйымдастырылды. Оның барысында жаяу адамдардың жолды белгіленбеген жерлерден қиып өтуі және бағдаршамның қызыл түсіне жүруі секілді ереже бұзу деректері анықталды.

«Жолдың қауіпті учаскелеріне, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерге және самокат пен мопед жүргізушілеріне ерекше назар аударылды. Кейінгі кезде жолдағы қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіріп тұрған шағын электр көлік құралдары да назардан тыс қалмады. Күніне тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілердің 200-ден 300-ге дейін ереже бұзу дерегін анықтайды», – делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы аясында 17 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Сонымен қатар, аталған бапқа сәйкес велосипед, мопед және самокат тізгіндегендер де жазаланды.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мопедін мемлекеттік тіркеуге қоймағандарға айыппұл салынатынын айтты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button