Балаларға базарлық

0 129

Кеше Оқушылар сарайында «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Баланы мектепке дайындайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Негізінде бұл шара партия тарапынан көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық барысында көмек көрсету мақсатында жыл сайын осы уақытта қолға алынып тұрады. Биылғы жолғысы «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген жаңа әлеуметтік саясатты жандандыру аясында жүзеге асып отыр. Оған Астана қаласы мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшелері, Білім басқармасы және мемлекеттік мекеме жетекшілері мен кәсіпкерлер қатысып, қамқорлықты қажет ететін балаларға мектеп жабдықтарын салтанатты түрде табыс етті. Жалпы алғанда, ондай керек-жарақпен биыл қала бойынша 1 700 оқушы қамтылмақ.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + twelve =