Жолсеріктер балаларды мерекемен құттықтады
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Балаларды қорғау күніне орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарының жолсеріктері жас жолаушыларды мерекемен құттықтап, оларға 1 мыңнан астам сыйлық боксын табыстады. Әр жиынтық ішінде ойыншықтар, бояу суреттері, түрлі-түсті қарындаштар мен тәттілер салынды.

Мерекелік көңіл күй қалыптастыру үшін вагон-мейрамханалар түрлі-түсті шарлармен безендірілді. Сонымен қатар, жолда балаларға арналған мультфильмдер мен ойын бағдарламалары бар мультимедиялық ойын-сауық порталы қолжетімді.
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушы жыл сайын Балаларды қорғау күніне орай серіктесі — «Kaztechnology» ЖШС-мен бірлесіп, пойыздағы жас жолаушыларға сыйлық таратады. Мұндай игі шараларды өткізу компанияның дәстүріне айналған.



