Мәдениет

Елордалық мектеп оқушылары «Біз бақытты баламыз» әнін тарту етті

Астана қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының тәрбиеленушілері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше музыкалық тарту ұсынды. «Шаттық» қалалық шығармашылық байқауының «Театр» және «Хор» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған жас өнерпаздар «Біз бақытты баламыз» әнін орындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әнде балалардың асқақ армандары, туған қаласы мен еліне деген сүйіспеншілігі, бақытты балалық шақтың жарқын сәттері көрініс тапқан. Шығарманың мазмұны өскелең ұрпақтың өмірге деген құштарлығын, болашаққа деген сенімін және Отанға деген ыстық ықыласын бейнелейді.

Жас өнерпаздардың шынайы орындауындағы әсерлі туынды мерекенің мазмұнын тереңдете түсіп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, бұл шығармашылық жоба балалардың өнерге деген қызығушылығын, таланты мен шығармашылық әлеуетін танытуға мүмкіндік берді.

Балаларды қорғау күніне арналған бұл музыкалық тарту жас ұрпақтың жарқын болашағын, олардың арманы мен қуанышын дәріптейтін ерекше мерекелік сый болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button