Азаматтардың референдумға белсенді қатысуын жоғары бағалады
Қазақстанның атом саласын дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Тоқтаров атом электр станциясының құрылысына қатысты референдум маңызын атап өтіп, азаматтардың белсенді қатысуын жоғары бағалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
– Мен таңғы сағат 10-да №205 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Таңертеңнен бастап халық дауыс беруге белсене қатысып жатқаны байқалады. Ұзын-сонар кезектерді көріп, осынша адамның референдумға келіп, позициясын білдіріп жатқанынын көріп қуанып жатырмыз. Олардың АЭС құрылысын «қолдайтыны» немесе «қолдамайтыны» маңызды емес, бастысы – қатысып, өз көзқарастарын білдіріп жатқаны. Соңғы бір айда көп атом энергетикасы туралы ақпараттанып, бұл бастаманың ерекшеліктерін түсінгені тағы байқалады. Менің ойымша, референдум оң нәтиже берсе, АЭС құрылысы еліміздің жаңа даму деңгейіне көшуіне үлкен қадам болмақ. Бұл тек Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне ғана емес, сонымен қатар елдегі бизнес пен қоғамның барлық салаларының дамуына серпін береді. Сонымен қатар, жоба кадрлық әлеуеттің дамуына да елеулі ықпал етеді, бұл оның жүзеге асырылуында маңызды рөл атқаратын болады, – дейді А Тоқтаров.