Астаналық студенттер республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Елорданың Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері «Бизнес аруы-2025» республикалық байқауында жүлделі орын алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
19-21 мамыр аралығында Алматы қаласының Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі жанындағы «Business Startup» студенттік орталығында «Бизнес аруы-2025» республикалық байқауы өткен еді. Байқау «Мен-кәсіпкер» гранд турнирі аясында жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, сондай-ақ білім алушылардың кәсіпкерлік қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Астана қаласы атынан аталмыш байқаудың өнірлік жеңімпаздары Айдана Мұсабай, Бақыт Қабыл, Алтынай Саттыбаева қатысты. Тартысты сайыста Қазақстанның өңір-өңірінен келген 50 қатысушы бақ сынасты. Бас қаланың колледж командасы жүлделі III-орынға ие болды. Дарынды қыздардың үздіктердің қатарында болуға ықпал еткен жетекшісі Айгүл Бекенова болды.