Елорда тынысы

Астанадан Қосшыға дейін…

Елорданы Қосшы қаласына жалғайтын жеңіл рельсті көлік (Light Rail Transit немесе LRT) инфрақұрылымының құрылысы басталғаны туралы City Transportation Systems көлік кешенін басқару операторы хабарлады.

«LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына іске асыру аясында алғашқы тірекке бетон құю жұмысы орындалды. Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакада бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды» деді компания.

Мәлімдемеге қарағанда, Қосшы бағытында 300-ден астам тірек тұрғызу, 538 құрастырмалы темірбетонды эстакадалық арқалықты, сондай-ақ 8 монолитті арқалықты монтаждау жоспарланған.

Қосшы бағытына қарай LRT жолағының салынатынын былтыр қазанда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеген. Әкім сондай-ақ қала орталығын ескі теміржол вокзалына жалғайтын жолақ та салынатынын айтқан. Ал әуежайдан жаңа теміржол вокзалына баратын бастапқы жолақтың негізгі құрылысы былтыр күзде аяқталып, сынақ кезеңі басталған. Сәуірдің аяғында Жеңіс Қасымбек бірінші жолақ 2-3 аптада ресми іске қосылатынын айтқан. Жолақысы 200 теңге болмақ. Ұзындығы 22 шақырымнан асатын бұл бағытта барлығы 18 станция салынған. Пойыздар арасындағы интервал – шамамен 4-5 минут.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button