Ел тынысы
Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы қызметкерлері сенбілік өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қатысушылар аумақты тазалап, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Бұл шара экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Таза қала – ортақ міндет.



