Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Астанаға арналған ауа райы болжамы
24 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 6-8 градус жылы.
25 қазанда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 8-10 градус жылы.
26 қазанда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
24 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 11-13 градус жылы.
25 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 16-18 градус жылы.
26 қазанда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел 3-8, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.