Ел тынысы

Рәміздердің құндылығы бәрінен жоғары

Қазақ елінің құндылығы, абырой беделін айшықтайтын, әлемге егемендігін танытатын ұлы һәм бірегей құндылық ол – рәміздер. 

Ту – халықтың бейбітшілігін, ұлттың бірлігін, мемлекеттілігімізді паш етіп көрсететін басты белгі.

Елтаңба – елдікке үндейтін, бір болуға шақыратын, адам бойындағы еліне, жеріне деген патриоттық сезімді оятатын нышан.

Әнұран – отаншылдық сезім оянып, ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен, ақыл-парасатпен қорғаған, ұлан-ғайыр отанымызға деген құрметті арттырады. Әнұран шырқағанда ұлттың шежіресі көз алдымызға келеді, болашаққа нық серпін береді.

Осы қатарға қазақ тілін қосар едік. Өйткені қазақ тілінің айбыны асқақ, мағынасы терең, түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі шұрайлысы болып саналады.

Шетелде рәміздерді қатты қадірлейді. Дамыған өркениетті АҚШ, Еуропа елдерін былай қойғанда, бауырлас Түркияның бұл тұрғыдан келгенде патриоттық рухы өте мықты. Жалпы озық державалар ең әуелі рәміздеріне қатты барынша ден қояды.

Біз де рәміздердің қадір-қасиетін әрдайым есте ұстап, рухани маңызын арттырып отыруымыз қажет. Қоғам қастерлеп, әлемде даңқы арта түсуі үшін, балабақшадан ЖОО-на дейін арнайы дәрістер өткізіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу шарт. Сонда әрбіріміз өз құндылығымызды барынша қастерлейміз. Себебі бұл рәміздерге дербес заманда біздің қолымыз жетіп, көріп біліп жүрміз. Бабалар аңсаған тәуелсіздікке жеттік. Алаш арыстары армандаған егеменді кезеңде ғұмыр кешіп келеміз. Сан-ғасырлар бойы көк байрағымызды желбіреп, бейбіт күнде әнұранымыз шырқалып, елтаңбамыз елдігімізді айшықтап тұрғанын қалады. Ендеше қолда бар жәдігерлерді қастерлеу, құрмет тұту – біз үшін зор бақыт болуы тиіс.

Қазақстан республикасының Рәміздері күні өзге құндылықтардан бірегей, бөлекше құндылық дер едік. Бұл мемлекетті мемлекет етіп, дүниежүзілік аренада орнын, беделін айғақтайтын ең маңызды дүниелер.

Қазақ мемлекетті – дүние тұрғанша тұрып, тату тәтті бірлікті сақтап, ұлттық тұтастыққа берік болып, ел тұғыры берік, дамыған қуатты елге айна берсін деген ниеттеміз.

Асылы ОСМАН,

қоғам қайраткері

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button