Ел тынысы

Жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Астанада 17 сәуір күні жастарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жәрмеңке 17 сәуірде сағат 14:30-да Жеңіс даңғылы, 62 мекенжайында орналасқан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғимаратында ұйымдастырылады.

Бұл – жастар үшін жұмыс табуға, жұмыс берушімен әңгімелесуден өтуге және қаланың жетекші компанияларымен танысуға мүмкіндік.

Ізденушілерге өзекті бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен кездесулер және карьералық кеңестер ұйымдастырылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button