Мұнайдан тепе-теңдікке дейін: өзгерістердің шынайы бағасы
2026 жылдың бірінші тоқсаны бір нәрсені айқын көрсетті: Қазақстан әлі де болса мұнайға байланған экономикаға ие, бірақ бұрынғыдай емес. Мұнай өндірудің 19,8%-ға төмендеуі макро көрсеткіштерге бірден әсер етті, яғни тәуелділік бар деген сөз. Бірақ бұл ретте экономиканың тоқыраудың орынына өсуді жалғастырғаны, аралас модель қалыптасып келе жатқанын білдіреді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бір жағынан, шикізат секторы негізгі рөлде қала беретіні рас, өйткені ондағы ауытқулар жалпы динамикаға бірден әсер етеді. Екінші жағынан, қызмет көрсету секторы ЖІӨ-нің 54,5%-ын құрады, қайта өңдеу өндіріске қарағанда тез өсуде, ал инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар ішкі сұранысты қанағаттандырып отыр. Құрылыс (114,8%) және көлік (112,8%) сияқты салалардағы өсім экономиканың ішкі процестерге сүйене бастағанын көрсетеді.
Осы ретте шикізат моделінен көшу бір сәттік процесс емес екенін түсіну маңызды. Бұл дегеніміз, құрылымның біртіндеп өзгеруі, ондағы мұнайдың рөлі оның жойылып кеткенінен емес, басқа салалардың өсуінен төмендейді. Дәл осы процесс Қазақстанда біртіндеп жүріп жатыр.



