Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді
2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстанның экономикалық моделінің тұрақтылығына шын сынақ болды. Мұнай өндірудің 19,8%-ға төмендеуі экономика үшін қатты ауыр тигені рас. Бұл өнеркәсіп пен аймақтық динамикаға, әсіресе мұнай өндіретін салаларға бірден әсер етті. Алайда, түпкі нәтижеде ЖІӨ 3% өсім көрсетті. Неліктен? Өйткені экономика енді бір ғана секторға арқа сүйемейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Өсім бірден бірнеше бағытта қамтамасыз етілді. Олар: құрылыс – 114,8%, көлік және қойма – 112,8%, сауда – 104,8%, ауыл шаруашылығы – 103,4%, байланыс – 103,9%. Осы тұстағы маңызды бір жайт — көлік секторының ішіндегі күрделі жағдай, мәселен: құбыр тасымалы 98,5%-ға дейін төмендегенде, жалпы сектор сенімді түрде өсім көрсеткен қалпы қала берді. Бұл экономика тек салаларды ғана емес, салаішілік өсу көздерін де әртараптандырып жатыр деген сөз.
Құрылыс саласы, өз кезегінде, барлық дерлік өңірде тұрақты өсім көрсетіп отыр, бұл инвестициялық белсенділіктің жалғасып жатқанын және инфрақұрылымдық жобалардың іске қосылғанын білдіреді.
Осылайша, мұнай факторы бұрынғысынша маңызды болып қала бергенімен, енді экономиканың траекториясын айқындамайтыны анық. Осынау үлкен өзгеріс экономиканың мұнай өндіру саласына байланып қалмай, өз алдына бөлек жүйе ретінде жұмыс істей бастағанын көрсетеді.



