Қарағанды энергетиктері газдандыру тәжірибесімен танысты

Қарағанды энергетиктері Астана қаласындағы ЖЭО-1-де газдандыру тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті өңірдегі электр станцияларының басшыларымен бірлесіп Астана қаласындағы ЖЭО-1-ге барды.
Қатысушылар құрамында өңірдің ірі жылу энергетикасы кәсіпорындарының өкілдері, атап айтқанда «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, «Qarmet» АҚ (ЖЭО-2), «Nova Novatis Ltd» ЖК (ГРЭС-1) және «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС (Шахтинск ЖЭО) болды.
Іс-шараның мақсаты – жылу электр орталығын көмір отынынан табиғи газға көшіру бойынша практикалық тәжірибені зерделеу.
Сапар барысында қатысушылар станцияның негізгі өндірістік нысандарымен танысып, сондай-ақ газға көшу аясында жабдықтарды жаңғырту кезінде қолданылған технологиялық шешімдерді зерделеді.
«Сала кәсіпорындары арасындағы тәжірибе алмасу – өңірлік энергетиканы дамытудың тиімді құралдарының бірі. Жылу станцияларын табиғи газға көшіру стратегиялық басымдық болып табылады, ал мұндай көшпелі таныстырылымдар мамандарға іс жүзінде қолданылып жатқан технологиялық шешімдерді бағалап, оларды өз жобаларын іске асыру кезінде ескеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті аумақтық департамент басшысы Айрат Қарамұрзин.
Тәжірибе Қарағанды облысының жылу энергетикасы нысандарында ұқсас жобаларды іске асыру барысында ескерілетін болады.




