Ел тынысы

Бірінші тоқсанда Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің өсімі 8,5%-ды құрады

Қазақстанда шикізаттық емес сектордың өсу қарқынының жеделдеуі байқалады. 2026 жылдың үш айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 8,5% өсім көрсетті. Мұндай деректерді Үкімет отырысы барысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев келтірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұған машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру және жеңіл өнеркәсіп саласыүлкен үлес қосып отыр. Индустриялық көрсеткіштермен қатар құрылыс саласында өсім бар: мәселен, орындалған жұмыстар көлемі 1,2 трлн теңгеге жеткен, бұл өткен жылғы деңгейден 14,8%-ға жоғары. Үш айдың ішінде елімізде 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«1 тоқсанның қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторларында жиынтық көрсеткіші 8,5% болатын оң динамика байқалады. Өндіріс көрсеткіштері машина жасауда, химия өнімдерін, құрылыс материалдарын, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде, жеңіл өнеркәсіпте және өңдеу өнеркәсібінің басқа да салаларында өсті. Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі көлік құралдары, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасы өндірісінің өсуі есебінен 21,9%-ға ұлғайды»,- деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button