Әлеумет
«Бауырсақ біріктіреді» акциясын ұйымдастырды

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнінде «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлары «Бауырсақ біріктіреді» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елордадағы орталық саябақ жағалауында өткен игі іс-шара Наурызнама онкүндігі аясында өткізілді. Акция барысында ерікті жастар қала тұрғындарына бауырсақ таратып, қайырымдылықты насихаттауды мақсат етті.

– Астаналықтарды көктемнің жылы шуақты күнінде қуантайын деп шештік. Ұлыстың ұлы күніне орай 6 кг бауырсақ тараттық. Осылайша жылулық пен жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келді, – деп бөлісті өз сөзінде волонтерлардың бірі Аяна Құрмантай.



