Әлеумет

«Tartys Fest» тартысты өтті

Астанадағы Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығында «Tartys Fest» ұлттық спорт фестивалі өтті. Ауқымды іс-шара ұлттық ойындарды насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараны Астана әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.

— Биылғы фестивальдің ерекшелігі – іс-шара Жасанды интеллект жылы
аясында өткізіліп отыр. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізуді жоспарладық. Фестиваль барысында қала тұрғындары турникке тартылу, қой көтеру және тоғызқұмалақ жарыстарына жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып сайысқа қатысты. Барлық бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды, – деді қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Фестивальде қазақ халқының ең көне ойындарының бірі саналатын арқан тартыс жарысы өтіп, қала тұрғындары мен кәсіби спортшылар бақ сынасты. Осы арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және қала тұрғындарының бос уақытын белсенді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік жасалды.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button