Білім

Астана колледжінде өңірлік білім беру-өндірістік кластері іске қосылды

Астанада Сервис және туризм колледжі базасында «Қонақжайлылық және туризм» бойынша өңірлік білім беру-өндірістік кластері ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кластер құорылымдаудағы мақсат — ерте кәсіптік бағдар беруден бастап мақсатты жұмысқа орналастыруға дейінгі үздіксіз кадр даярлау жүйесін қалыптастыру және білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті нығайту.

Жоба аясында мектепке дейінгі ұйымнан бастап мектеп, колледж, жоғары оқу орны және өндіріс арасындағы сабақтастыққа негізделген кешенді модель ұсынылады. Бұл тәсіл еңбек нарығының талаптарына сай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.

Өңірлік кластердің іске қосылуы -дуальды оқытуды дамытуға, білім мен өндіріс интеграциясын күшейтуге және саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button