Мәслихат

Түйіткілді мәселелер депутаттар назарында

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың төрағалығымен өткен жиында Көлік  және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өзекті мәселесі, яғни автобус маршруттарының тарифтері қаралды. Жиынға қатысқан елордалық мәслихат депутаттары мемлекеттік №1 автобус паркі жұмысының тиімділігін арттыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-Барлық процесстерді цифрландыру да күн тәртібінде айрықша орын алады. Басты проблеманың бірі — жолаушылардың көбінің жол ақысын төлемеуі. Әр мәселе бойынша нақты шаралар белгіленді, — дейді мәслихат депутаты Кендебай Адамбек.

Депутаттар сонымен қатар Тексеру комиссиясының ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді. Аталған комиссия тарапынан квазисектордың аудитіне ерекше көңіл бөлу жағы назарға алынды. Сондай-ақ Астана іргесіндегі Жібек жолы ауылында орналасқан JARDIN декоративті ағаштардың тәлімбағына  барған лепутаттар, оның бүгінгі жұмысымен танысты. Мұнда әртүрлі ағаштар, бұталар және көпжылдық гүлдер өсіріледі.

-Астана қаласы әкімдігі биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жаңа тәлімбақ ашпақ. Бізге елорда мен маңайында орналасқан осындай мекемелердің тәжірибесі жаңа жобада өте қажет. Қаланы жасыл желекпен қамту және оларды дұрыс күтіп-баптау маңызды. Жасыл желек — қаланың тазалығы мен әдемілігінің негізі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді,- дейді депутат.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button