Ел тынысыСаясат

«Астана Су Арнасы» кәсіпорны ұжымына еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында елордалық «Астана Су Арнасы» кәсіпорнының ұжымына еңбек заңнамасының нормаларын және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын түсіндіру бойынша дәріс өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында елорда прокуратурасының қызметкері Тамара Орынбасар қатысушыларға еңбек заңнамасының нормаларын, зейнетақы рәсімдеу, бала асырап алу, сондай-ақ мәмілелерді электронды форматта ресімдеу мәселелеріне қатысты Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының ережелерін түсіндірді.

Мекеме қызметкерлерінің жеке жағдайлары талқыланып, шамамен 150 қызметкер сот тәжірибесі мен құқық негіздеріне қатысты сұрақтарына жауап алды.

Сонымен қатар прокурор құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі қылмыстарының, дропперліктің, алаяқтықтың, сталкингтің, вандализмнің және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу жөніндегі заңнама нормаларын түсіндірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button