Ел тынысы

Құқыққорғау саласын цифрлық трансформациялау нәтижелері таныстырылды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде құқық бұзушылықтарды болжау және ерте алдын алу мәселелері жөніндегі Консультативтік-сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары Марат Советұлы Башимов, Екатерина Васильевна Смышляева, Ішкі істер министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның, Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Астана» халықаралық университетінің, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академияларының жетекші ғалымдары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысты аша отырып, Комитет Төрағасы Нұрлыбай Сәбит Комитетке болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асыру жөніндегі жаңа функцияны бекіткен заңнамалық түзетулердің қабылданғанын, сондай-ақ бұдан бұрын ел басшылығына көрсетілген цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті енгізу нәтижелерін атап өтті.

Комитеттің қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау жүйесін енгізу нәтижелерін, сондай-ақ одан әрі дамыту жоспарларын ұсынды.

Әзірленген цифрлық шешімдердің тәжірибелік маңыздылығына ерекше назар аударылды. Енгізілген цифрлық құралдар қазірдің өзінде жасалған құқық бұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, жасырын тәуекелдерді ерте кезеңде – құқықтық ақпараттың үлкен көлемдерін талдау, ведомствоаралық интеграциялар деректері мен медиа кеңістіктің мониторингі негізінде анықтауға мүмкіндік береді.

Жүйелер құқық бұзушылықтардың ықтимал динамикасын болжайды және жағымсыз салдар туындағанға дейін жағдайдың ықтимал эскалациясы туралы белгі береді.

Енгізілетін құралдарды ғылыми негіздеу үшін еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық жолға қойылған.

Отырыста «Астана» халықаралық университетінің Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің PhD профессоры Әлібек Барлыбаев қайталама құқық бұзушылықтарды болжау және қылмысты кеңістіктік талдау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттары, Кеңес мүшелері Комитет жүргізген жұмыстардың нәтижелерін оң бағалап, сондай-ақ болжау және ерте алдын алу жүйелерін одан әрі дамыту бойынша бірқатар тәжірибелік ұсынымдар әзірледі. Осы ұсыныстарды бірлесіп іске асыру қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырудың пәрменді құралы ретінде «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button