Білім
Бүгін елордада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Астанада ауа-райының күрт суытуына байланысты 2026 жылғы 27 ақпан күні мектептегі бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астана қалалық білім басқармасының мәліметіне сәйкес бұл қалада ауа райының қолайсыздығына, яғни ауа температурасының одан әрі төмендеуіне байланысты қабылданған шешім.
Қатты аяз, ызғарлы желден үсіп қалмау үшін елордалықтар мен қала қонақтарының сыртта жүргенде қалың киініп, мүмкіндігінше жылы жерден шықпағаны жөн.



