Әлеумет
Ел азаматтарының зейнетақы жинағы 26,36 трлн теңгеден асты

1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,36 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 16,5%. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпарат берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,81 трлн теңге. 12 айдағы өсім – 14,4%. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары – 736,07 млрд теңге, бір жылда көрсеткіш 13,2%-ға өскен.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл басынан бері 17,30 млрд теңгеге жетті.



