Ел тынысы

Дін мен мемлекеттің аражігін айқын ажырату арқылы ортақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейді

Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретіндегі сипаты заң жүзінде нақты бекітілген. Бұл – тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қағида. Дін мен мемлекеттің аражігін айқын ажырату арқылы мемлекет барлық азаматтарға діни сенім бостандығын сақтай отырып, ортақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейді.

Жаңа заң талаптарына сәйкес, Қазақстан аумағындағы діни ұйымдардың қызметі қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай ұстаным мемлекеттің діни сенім бостандығы мен басқа да конституциялық құндылықтар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ұмтылысын көрсетеді.

Зайырлылық дәстүрі алғаш рет Еуропа елдерінде құқықтық мемлекет идеясының дамуы барысында орнықты. Ол дінге қарсы бағытталған саясатты емес, керісінше, мемлекеттің бейтараптығын қамтамасыз етуге бағытталған қағидат ретінде қалыптасты. Бұл модель азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандығын тең дәрежеде қорғауға, сондай-ақ қоғамдағы көпконфессиялық жағдайды тұрақты дамытуға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезеңде дін мен мемлекетті айыру дәстүрі мемлекеттік биліктің легитимдігін құқық пен заңға негіздеу, қоғамдық қатынастарды зайырлы нормалар арқылы реттеу және діни бірлестіктердің қызметін құқықтық алаңда жүзеге асыру қағидаттарымен сипатталады. Бұл өз кезегінде діннің саяси құралға айналуына жол бермеуге және қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға бағытталған.

Қазақстан жағдайында аталған дәстүр тарихи, мәдени және көпэтносты ерекшеліктерді ескере отырып іске асырылуда. Мемлекеттің зайырлы сипаты діни ұйымдардың қоғамдағы рөлін жоққа шығармайды, алайда олардың қызметі конституциялық құрылыс пен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмеуі тиіс. Осылайша, дін мен мемлекетті айыру дәстүрі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды құқықтық және саяси тетігі ретінде орнығады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button