Мәслихат

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды

Астанада «Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыста «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-Ұлттық жобаны іске асырудың бір жылында кешенді басқару жүйесі қалыптастырылғаны атап өтілді. 2025 жылы еліміздің төрт өңірінде 17 пилоттық жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар Ұлттық жобаның электрондық платформасы құрылып, қазіргі таңда онда 386 инвестициялық жоба қаралу үстінде. Платформа жергілікті атқарушы органдарды, мемлекеттік органдарды, табиғи монополия субъектілерін, мердігер ұйымдарды және «Атамекен» ҰКП-ны біріктіріп, жобаларды іске асырудың ашықтығы мен жүйелілігін қамтамасыз етеді, — дейді жиынға қатысқан Астана қалалық мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнулқабден.

Оның айтуынша, инвестиция тарту мәселелеріне, инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын ауқымдандыруға, отандық өндірісті дамытуға және жергілікті қамту үлесін арттыруға ерекше назар аударылған. Сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспар талқыланып, жобаларды қарау мерзімдерін жеделдету, қаржылық ресурстарды тарту, аспаптандыруды кеңейту және Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу мәселелері қамтылған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button