Қала мен салаМәслихат

Жоба таныстырылды

Мәслихат депутаттарына елорданың көгалдандыру жүйесін дамытуға бағытталған «Сәндік ағаш – бұта көшеттері питомнигі» жобасы таныстырылды. Бұл туралы мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Жоба толық циклді көшет өсіруді қамтитын заманауи питомник құруды көздейді. Мұнда қаланың қажеттілігі үшін егу материалын өсірумен қатар, жасыл желектерді цифрлық есепке алу және мониторинг жүргізу сияқты озық технологияларды енгізу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру көгалдандыру сапасын арттыруға, қатал климаттық жағдайларға бейім­делген көшеттерді сатып алу шығындарын азайтуға және қаланың жасыл қорын тұрақты дамытуға мүмкіндік береді» деп жазды Т.Зейнұлқабден.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button