Құқық

Аялдаманы сындырған ер адам қамауға алынды

Астанада кез келген вандализм және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне қарсы жүйелі күрес жүріп жатыр. Кезекті вандалды полиция қызметкерлері анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі уақытта 20 жастағы ер адам Молдағұлова көшесімен өтіп бара жатып, аялдаманың артқы қабырғасын теуіп сындырған. Оқиға сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Оқиға орнына полиция жасағы жетіп, күдіктіні анықтап, ұстады.

— Аталмыш іске қатысты сот оны 10 күнге қамауға алу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ ер адам залалдың өтемін төлеуге міндетті. Полиция мұндай құқық бұзушылықтар қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді, — делінген хабарламада.

Астанада «Тоқта, вандал» акциясы жалғасып жатыр. Оған волонтерлар, белсенділер, танымал спортшылар мен қала тұрғындары қолдау көрсеткен. Акцияның мақсаты — вандализмнің алдын алу және қаланы таза әрі тәртіпті сақтау.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button