2025 жылы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға баса назар аудара отырып, аса шабуыл сипатына ие болды, деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейрхан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында. Оның айтуынша, 2025 жылы барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 4 мың есірткі қылмысының, оның ішінде 2700 есірткі өткізу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ІІМ өкілі сондай-ақ Қазақтан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру нәтижелеріне тоқталды. Есірткі құралдары мен прекурсорлардың тізбелері өзектендірілді, синтетикалық есірткілерді алу көлемі ұлғайтылды, бұғатталған сайттар мен құқыққа қарсы контент саны ұлғайтылды.



