Салықтық есептілікте 2026 жылдан бастап қандай өзгерістер болады?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бизнеске әкімшілік жүктемені азайту және рәсімдерді оңтайландыруға бағытталған салықтық есептілікті ұсыну тәртібіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Автоматты есептілік
Егер салық төлеуші есептілікті белгіленген мерзімде тапсырмаса, есептілік автоматты түрде нөлдік көрсеткішпен қалыптасады.
Хабарламалар жіберудің, шоттар бойынша операцияларды тоқтатудың және әкімшілік жауапкершіліктің алдын алады.
Жауапкершілік тек мемлекеттік кірістер органдары айналымдарды анықтаған жағдайда қолданылады.
«Салықтық есептілікті кері қайтарып алу» қызметі жойылды
Декларациядан кейін өзгерістер тек қосымша есептілік арқылы енгізіледі.
Кодты автоматты таңдау
СӘИЖ жүйесі салық органының кодын тіркелген орны бойынша автоматты түрде айқындайды, қажет болса кодты қолмен түзету мүмкіндігі бар.
Мерзімді ұзарту жойылды
Декларацияларды тапсыру мерзімін кейінге қалдыру енді қарастырылмайды.
Нормативтік база
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, оның ішінде көрсетілген күнге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.



