Мәдениет

Музей кеңістігіндегі кедергісіз орта

Ұлттық музейде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған 2025-2030 жылдарға арналған Инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында «Музей кеңістігіндегі кедергісіз орта» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Парламент депутаттары, аймақтық музейлердің басшылары, мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғау саласындағы сарапшылар, ҮЕҰ мен жоғары оқу орындарының өкілдері жиналған іс-шара барысында депутаттар инклюзивті мәдениетті дамытудың маңызын атап өтті. Музей директорлары қолжетімді ортаны қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті. Үздік тәжірибелер мен бастамалар таныстырылды. Қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырылып, музейде жасалған инклюзивті орта таныстырылды. Әсіресе Maqsut Narikbayev University магистранттары мен аға оқытушы Анна Лоенко дайындаған аудио­дескрипциялардың тұсаукесері ерекше қызығушылық тудырды. Қонақтар «Дулыға», «Құты» экспонаттары мен қазақстандық суретшілердің шығармалары туралы сипаттамаларды тыңдады. Сонымен қатар ымдау тіліндегі экскурсия видеолары бар планшеттер ұсынылып, қатысушылар оларды музей залдарын аралау барысында қолданып көрді. Осылайша, инклюзивті ортаның барлық элементі іс жүзінде көрсетілді. Кездесу соңында Ұлттық музей мен өңірлік музейлер және «Инклюзивті қоғамды дамыту еуразиялық қауымдастығы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button