Ел тынысы

2026 жылы электрондық денсаулық паспорттары іске қосылады

Жасанды интеллект технологиялары қазірдің өзінде отандық клиникаларда инсульт, өкпе, сүт безі обыры және пневмонияны анықтау үшін КТ, МРТ және рентген суреттерін талдау кезінде белсенді қолданылады. Бірқатар медициналық ұйымда дәрігерлерге тексеру нәтижелерін жылдам талдауға көмектесетін ЖИ-көмекшілер жұмыс істей бастады.

«Жасанды интеллект дәрігерді алмастырмайтынын, керісінше оның мүмкіндіктерін күшейтетінін, медицинаны барлық азаматтар үшін заманауи әрі қолжетімді ететінін атап өткен жөн», — деді министр.

Қазірдің өзінде цифрландырудың айтарлықтай нәтижесі көріне бастады. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы медицина қызметкерлеріне жүктемені 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Пациенттерді цифрлық сәйкестендіру кеңейтіліп, оның нәтижесінде 8 ай ішінде медициналық қызметтерді артық тұтыну көрсеткіші 6,7 млрд теңгеге төмендеді, ал іске қосылған бірыңғай төлем жүйесі ақауларды анықтау дәлдігін 4 есеге арттырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button