Ел тынысы

«Отбасы банк» тұрғындардың дербес деректерін жаңарту тәртібін түсіндірді

«Отбасы банк» Бірыңғай республикалық кезекте тұрған азаматтарға арналған дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруді рәсімдеудің нұсқаулығын жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл қадам банкке сіздің деректеріңізді дұрыс есепке алуға мүмкіндік береді.
Ол үшін мына іс-әрекеттерді орындау керек:
• Браузерді (Google Chrome, Safari) ашып, orken.otbasybank.kz сайтына кіріңіз.
• «Кіру» түймесін басып, ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.
• 3Құпиясөзді енгізіп, кіруді растаңыз.
• Жүйеге кіргеннен кейін «Деректерді жинауға және өңдеуге келісім» терезесі пайда болады.
• Мәтінмен танысып, «ИӘ, мен өтінішпен таныстым» деген құсбелгісін қойып, «ЭЦҚ мен қол қою» түймесін басыңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button