Ел тынысы

2026 жылдан бастап 103 канал қайта жаңғыртылып, автоматтандырылады

2030 жылға қарай су инфрақұрылымы нысандарының кемінде 40%-ын цифрлық технологиялармен қамту жөніндегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-мен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқарып жатыр, деді су ресустары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«2026 жылдан бастап 103 канал қайта жаңғыртылып, автоматтандырылады. 264 каналға автоматтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жұмыстарды 2028 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, Қазақстанда барлық өңірлерден суды есепке алу туралы ақпарат келіп түсетін заманауи деректерді өңдеу орталығын құру жоспарланған. Бұл нақты уақыт режимінде судың берілуін және таралуын бақылауға, сондай-ақ туындаған проблемаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, осы іс-шараларды іске асыруға отандық жабдық өндірушілер, оның ішінде автоматтандырылған ысырма өндіріп, жеткізушілер қатысады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button