Коммуналдық қызметтерге тарифтер тұрақты болып қалады

Қазақстанда инфляцияны ағымдағы жылдың соңына дейін 10-11% деңгейінде ұстап тұру бойынша шаралар қабылдануда. Үкіметтің тапсырмасын орындау үшін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2025 жылдың соңына дейін халық үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Тарифтердің өсуін тежеуге бұрын жоспарланған түзетулердің бір бөлігін ауыстыру және ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту ықпал етеді. Бұл ретте табиғи монополиялар субъектілерінен жаңа өтінімдер күтілмейді, бұл қосымша өсу қаупін жояды.
Әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларын өндірушілерге ерекше назар аударылады — олар үшін басқа заңды тұлғалармен салыстырғанда жеңілдікті шарттарды көздейтін ұстамды тарифтік саясат қолданылады.
Реттелетін коммуналдық қызметтер инфляция құрылымында айтарлықтай үлеске ие болғандықтан, қабылданған шаралар олардың бағаның өсуіне әсерін азайтуға мүмкіндік береді.