Ел тынысы
Қазақстан ресейлік туристер үшін ең танымал бағыттардың үштігіне кірді

Қазақстан ресейліктердің биылғы бірінші жартыжылдықтағы сапарлары бойынша ең танымал шетелдік бағыттардың үздік үштігіне кірді. Бұл туралы Астанада РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенко ҚР Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Екі ел арасындағы туристік алмасуда өсім байқалады. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың алғашқы 6 айында ресейліктердің елімізге сапарларының саны 1,23 миллионнан асты. Ал кері бағытта 1,03 миллионнан астам сапар жасалған.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, көрші елден Қазақстанға туристік ағын 2,6 миллионнан астам сапарды құрады. Өз кезегінде отандастарымыз Ресейге 2,2 миллионнан астам сапар жасаған.