Қазақстанда спорттың басым түрлері анықталды

Биыл сәуір айында Мемлекет басшысы қол қойған «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына бірқатар түзетулер енгізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Негізгі жаңалықтардың бірі спорттың 46 басым түрін анықтау болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады. Оның айтуынша, бұл тізбеге Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазия ойындарының бағдарламаларына кіретін дисциплиналар, сондай-ақ Азия және Параазия ойындарында ұсынылған олимпиадалық емес спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері енгізілді.
Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері басым спорт түрлерімен теңестірілді. Қазіргі уақытта елімізде спорт түрлері реестріне ресми тіркеліп, спорт түрі ретінде дамып келе жатқан 11 ұлттық спорт түрі бар.