Үкімет шетелдегі қазақтардың бірыңғай тізімін жасамақ

Қазақстан Үкіметі шетелде тұратын этникалық қазақтардың бірыңғай деректер базасын құруды жоспарлап отыр. Бұл тізім Migration.enbek.kz көші-қон платформасының бір бөлігіне айналады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мәліметтер шетелдегі мекемелер, «Отандастар» қоры және түрлі диаспоралардың көмегімен жиналады.
Мақсат – шетелдегі қазақтармен байланыс орнатып, тарихи отанына оралғысы келетіндерге қолдау көрсету.
Жоспарланған шаралар:
•«Қандас» цифрлы платформасын іске қосу
•Қоныстанушыларға баспана, тіл үйрену курстары, жаңа кәсіп меңгеру мүмкіндіктерін ұсыну
•Жергілікті халықпен етене араласуына жағдай жасау
•Көші-қон жұмыстарын үйлестіретін арнайы дамыту орталығын құру
1991 жылдан бері Қазақстанға 1,15 млн-нан астам этникалық қазақ оралды. Биыл жазда шетелде тұратын 150 қазақ баласы Бурабайда демалып, тіл мен салт-дәстүрді үйренді.