Ел тынысы

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1%-ға өсті

Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ол Қазақстанда экономиканы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті. Соның ішінде шикізатты терең өңдеу және аралас салаларды дамытуға баса мән берілуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1% – ға өсті.

«Өсімге металл бұйымдар өндірісі мен машина жасауда 14%-ға, тамақ өнімдерінде 9,2%-ға, мұнай өңдеуде 8,6%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінде 6%-ға ұлғаю есебінен қол жеткізілді»,

— деп хабарлады Серік Жұманғарин.

Тау-кен өнеркәсібі де жоғары өсу қарқынын сақтап келеді – +8,5%. Бұл мұнай өндірудің 11,9%-ға, газ өндірудің 14,3%-ға және көмірдің 10,6%-ға артуымен байланысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button