Елдегі стационарларда 152 полиция посты жұмыс істейді

Денсаулық сақтау министрлігі аумақтық полиция департаменттерімен бірлесіп республика бойынша медициналық ұйымдарда тәулік бойы жұмыс істейтін 152 полиция постының жұмысын қамтамасыз етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бүгінгі таңда келесідей полиция посттары жұмыс істейді:
* қалалық стационарларда-30;
* облыстық стационарларда-10;
* балалар стационарларында-12;
* перинаталдық орталықтарда-5;
* аудандық орталық ауруханаларда-48;
* аудандық ауруханаларда – 23.
Посттарды ұйымдастыру оқиғаларға жедел жауап беруге, шиеленістердің алдын алуға және медицина қызметкерлерінің де, пациенттердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл шара медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының көбеюіне байланысты қабылданды.
Мемлекет басшысы қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазалау шараларын қатаңдатуды тапсырғанын естеріңізге сала кетейік.