Ел тынысы

6 755 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

6 755 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 154,8 мың этникалық қазақ оралды.
2025 жылдың басынан келген қандастардың 45,1%-ы – Қытайдан, 41,7%-ы – Өзбекстаннан, 5,4%-ы – Түрікменстаннан, 2,8%-ы – Моңғолиядан, 2,4%-ы – Ресейден, ал 2,6%-ы – басқа елдерден келді.

Жас және білім көрсеткіші:
•Еңбекке қабілетті жаста – 59,8%
•18 жасқа дейін – 31%
•Зейнеткерлер – 9,2%
•Білім деңгейі: 16% – жоғары, 27,1% – орта кәсіби, 54,6% – жалпы орта, 2,3% – білімі жоқ

Қоныстанған өңірлер: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы – 2 309 адам. 1 шілдеге дейін бұл өңірлерге 1 092 қандас көшіп барды.

Мемлекеттік қолдау шаралары:
•Көшуге: 70 АЕК (275,2 мың тг) отбасы басшысына және әр мүшесіне
•Тұрғын үй жалдауға: жылына 15–30 АЕК (59–118 мың тг)
•Экономикалық ұтқырлық сертификаты: тұрғын үй құнының 50%-ы немесе 4,56 млн тг-ге дейін (қайтарымсыз)

2025 жылы 494 қандасқа түрлі қолдау көрсетілді, оның ішінде 188 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аударуға жұмыс берушілерді ынталандыру шаралары қабылданды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button