Абай – ұлттың ұлы рухы

Бүгін ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Осыған орай Астана қаласының орталығындағы Абай Құнанбайұлының ескерткішінің алдына гүл шоқтары қойылып, ұлы ақынға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев, қала әкімдігінің өкілдері, зиялы қауым, жастар мен қоғам белсенділері қатысты.
Іс шара барысында ақынның әндері орындалып,домбырамен күй төгілді. Куә болған жұртшылық бір сәт терең ойға шомып, рухани әсерге бөленді.
– Абай – ұлттың ұлы рухы. Біз тәуелсіз елдің перзенті ретінде оның аманатына адал болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ Абайдың даналығын бойына сіңіріп өссе, келешекке сеніммен қарауға болады. Мұндай шаралар – соның кепілі, – дейді гүл қоюға келген Байқоңыр ауданы қарттар ұйымының төрағасы Қуаныш Намазшамұлы.
Шапағат ӘДБІР