Бірқатар жобалар талқыланды

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қала өмірінің түрлі саласын қамтитын бірқатар нормативтік құқықтық актінің жобалары қаралды.
Кеңестің қарауына Астана қаласының дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларын бекіту туралы, «Мемориалдық тақталарды орнату туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы №105-7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы, «Астананың санитарлық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы №348/46-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобалар енгізілді. Сонымен қатар Астана қаласының қоршаған ортасын қорғау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту, «Астана қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №158-5066 қаулысына өзгеріс енгізу, сондай-ақ «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы №84/10-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды.
Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған жобаларды талқылап, баяндамашыларға түйткілді мәселелер туралы сұрақтар қойып, бірқатар ұсыным берді.
Азаматтардың пікірін ескеріп, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін маңызды институт – Қоғамдық кеңес. Бүгінде ол мемлекеттік шешімдерді талқылау, сараптау және қоғамдық бақылау жүргізудің тиімді алаңына айналды.
Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ



